10:29 22 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.86
  • EUR435.32
  • RUB6.12
Человек за рабочим столом

Қостанай облысында әкім қол астындағы қызметкерін тілдеді

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
332 0 0

Бердалинов әңгімелесу кезінде балағат сөздер айтып, өзін дөрекі ұстаған, дауыс көтерген

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында Таран ауданына қарасты Әйет ауылдық окуругінің әкімі Азамат Бердалинов қол астындағы қызметкерін тілдеді. Жанжал этика кеңесінің отырысында қаралды.

Дөрекі әкімді тәртіпке шақыруға әкім мен оның бағынышты қызметкерінің арасындағы әңгіменің жазбасы себеп болды, деп хабарлады Alau.kz.

"Бердалинов пен Әйет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жаманкөзов арасындағы әңгіменің бірінші бөлімі Әйет ауылы нысандарын қарап шығу кезінде автокөлікте болғаны анықталды. Әңгіме барысында Бердалинов балағат сөздер айтып, өзін дөрекі ұстаған, дауыс көтерген", - дейді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Рашид Есламов.

Әкім кінәсін мойындады. Ол ауылда кадр жетпейтіндіктен жұмыс тым қиындап кетті деп ақталды, айтуынша, Жаманкөзов өз жұмысын дұрыс атқармаған.

"Қазіргі таңда бізде қиындықтар бар. Төрт қызметкер жетіспейді, мемлекеттік қызметкерлерге шынымен де үлкен салмақ түсіп отыр. Шыдай алмадым, Болат Әбдібекұлынан балағаттағаным үшін кешірім сұраймын", - деді әкім.

Зардап шеккен қызметкердің айтуынша, жанжал салдарынан оның денсаулығы сыр берген.

"Осы шу басталған кезде қан қысымым 220-ға көтеріліп, ауруханаға түстім. Инфаркт алуым мүмкін еді. Ол менің жағдайымды түсінуі керек қой", - деп еске алды Жаманкөзов.

Алматы облысында тәртіп сақшыларына сес көрсеткен қызметкер жұмысынан қуылды

Азамат Бердалинов цифрландыруға қатысты тапсырманы дұрыс орындамағаны үшін бұған дейін тәртіптік жазаға тартылған болып шықты. Ұзақ пікірталастан кейін кеңес Азамат Бердалиновты әзірге жұмыстан босатпауға, алайда Таранов ауданының әкіміне қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ұсыным жолдауға шешім қабылдады.

 

Тақырып бойынша

Талдықорғанда полицейді балағаттаған әйел жазасын алды
Тұрғындарды балағаттап, қол жұмсаған әкім жауапқа тартылды
Астанада дәрігердің науқасты неге тепкені белгілі болды
Кілт сөздер:
әкім, балағат сөз, Қостанай облысы
Загрузка...

Басты тақырып