13:22 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Көлік, архивтегі сурет

Баласын жұмысқа алған маңғыстаулық әкімге сөгіс жарияланды

CC0 / pixabay.com
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
110 0 0

Әлеуметтік желі қолданушысы Маңғыстау облысына қарасты Сенек ауылы әкімінің ұлы әкімдікте жұмыс істейтінін, қызметтік көлікті тиісті мақсатта пайдаланбайтынын айтып шағымданған

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысында баласын жұмысқа алған ауыл әкіміне сөгіс жарияланды, деп хабарлайды жергілікті inaktau.kz порталы.

Тағы оқыңыз: Астана әкімі бірқатар шенеунікке шара қолданды

Әлеуметтік желі қолданушысы Сенек ауылының әкімі баласын жүргізуші ретінде жұмысқа алғанын хабарлаған. Сондай-ақ, ол әкімнің баласы қызметтік көлікті тиісті мақсатта пайдаланбайтынын айтып шағымданыпты.

Тексеріс барысында бұл дерек расталды. Әкім баласын жұмысқа не үшін алғанын түсіндірді. Ол ауылда басқа жүргізуші жоқ деп ақталды.

Тағы оқыңыз: Талдықорған әкімінің ұлы ұсталды ма? Әкімдік жауап берді 

"Сенек ауылдық әкімдігі тарапынан "көлік жүргізушісі" қызметі бойынша сұраныс түспеген. Ал қызметтік көлік ауылдағы мал басын тіркеп, оларға екпе жасау үшін пайдаланылған. Бұл жұмысты Сенек аудандық ветеринарлық станциясының мамандары атқарады. Әкім этикалық ережені бұзғанын мойындады. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері мұны есепке алып, оған "сөгіс" түріндегі жазаны қолданды", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша

Фотодерек: Алматы әкімі Бауыржан Байбек ұлымен бірге автобусқа отырды
"Жынымды келтірмеңізші": Вице-министрдің жауабы жұрттың қызу талқысына түсті - видео
Полицейлер мен жемқорлыққа қарсы қызметкерлердің текетіресі немен аяқталды
Астанада мемлекеттік қызметтегі басшы дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан
Ақмола облысында мас күйінде көзге түскен әкім жазаланды
Кілт сөздер:
әкім, Маңғыстау облысы, жұмыс, бала
Загрузка...

Басты тақырып