Өңірлер

Түркістан облысының тұрғыны қызының тірі екенін дәлелдей алмай жүр

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAАрхив
Архив  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжатты рәсімдеуге жауапты мекеме өкілі Айжанның өлілер қатарынан табылғанына біздің қатысымыз жоқ деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны Жанат Сүлейменова қызының өлілердің қатарында екенін ауруханаға емдетуге апарғанда бір-ақ білген. Сол уақыттан бері дәрігердің емес, әкімшілік пен соттың табалдырығын тоздырып жүр.

Айжан отбасындағы бесінші перзент. Егіз туған балалардың бірі жасына жетпей шетінеген. Ал Айжанның жасы бүгінде 12-де. Үйдің сүт кенжесі, ата-анасының көз қуанышы өмірде бар болғанымен, құжат бойынша өлілердің қатарында, деп хабарлады otyrar.kz.

"Қызым науқастанып қалып ауруханаға бардық. Басы ауыратын. Сол жердегі қыздар "ол өлілердің тізімінде, қарамаймыз" деді. Содан бірі әлі жүгіріп жүрмін. Құжатымды дұрыстап беретін бір адам табылмады. Әлі сабылып жүрмін", - дейді Айжанның анасы Жанат Сүлейменова.

Құжатты рәсімдеуге жауапты мекеме өкілі болса Айжанның өлілер қатарынан табылғанына біздің ешқандай қатысымыз жоқ деп ат тонын ала қашты. Оның сөзінше, барлығына жұмысы қайта-қайта үзіле беретін электеронды база кінәлі.

Тағы оқыңыз: Депутат жынысын дәлелдеуге мәжбүр болған азаматтардың проблемасын қозғады

"Бұл адами фактор емес. Өйткені біздің базада тірі. Егер де біздің базада қайтыс болған болса, онда адами фактор болуы керек еді. Порталда қате болып тұр. Сол жақта өлі деп көрсетіп тұр. Сол жерден қызмет алған ғой, ІІМ-нің базасы қате", - дейді Отырар ауданының Халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Киізбай.

Уайымнан Айжанның сырқаты да асқыныпты. Аудан әкіміне мәселені шешіп беруін өтініп талай барған. Бірақ әкіммен сөйлесу тұрмақ оның жүзін көру арман болып қалыпты. Бір жыл бойы табалдырықтан аттатпаған хатшының бар жауабы "өзіміз хабарласамыз" болған. Осылайша шенеуніктер мәселені шешудің емес, кінәні кімге аударудың жолын іздеп әлек. Ал Айжанның құжат бойынша қашан тірілер қатарына қайта қосылары белгісіз.

Жаңалықтар
0