02:48 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Жаңбыр

Жаңбыр шелектеп құяды: ертең ауа райы қандай болады?

© Photo: СС0 / Виктория Бородинова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1968 0 0

Қазақстанның батыс және оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым  — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 10 маусымға ауа райы болжамын ұсынды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 10 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, шығыста нөсер шелектеп құяды, батыс пен оңтүстік батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз.

Метеорологтар хабарлағандай, республиканың кей жерінде күн күркіреп, жел тұрады, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін.

Өңірлердегі ауа райы

Шығыс Қазақстан облысында кей жерде күн күркірейді, дауыл соғады, бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с.

Қызылорда облысында да күн күркірейді, қатты жел соғып, 23 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с.

Тағы оқыңыз: Маусым айында қазақстандықтарды не күтіп тұр - астролог болжамы

Алматы, Қостанай облыстарында кей жерде күн күркірейді, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанай облысында тұман түседі.

Қарағанды, Павлодар облыстарында кей жерде күн күркірейді, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде күн күркірейді, күндіз дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында кей жерде күн күркіреп, тұман түседі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерде төтенше өрт қаупі бар.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда 10 маусымда түнде 10-12 градус нөлден жоғары, күндіз 21-23 градус ыстық, көшпелі бұлтты.

Алматыда жаңбыр жауады, түнде ауа температурасы 11-13 градус жылы болса, күндіз 21-23 градусқа дейін ысиды.

Шымкентте түнде плюс 13-15 градус болса, күндіз 25-27 градусқа дейін көтеріліп, көшпелі бұлтты болады.

Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, жаңбыр
Загрузка...

Басты тақырып