Өңірлер

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Photo : СС0 / Tobias HämmerГроза
Гроза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
13-15 маусым аралығына ауа райы болжамы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым - Sputnik. Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде - 13-15 маусым аралығында ауа райында еш өзгеріс болмайды деп хабарлады. Себебі жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғалды әрі салқын ауа массалары жылжуын жалғастырады.

Тағы оқыңыз: 13 маусым қандай күн: мерекелер, танымал есімдер, тарихи оқиғалар

Қазақстанның көптеген облысының кей жерінде алдағы үш тәулікте найзағай ойнап, жаңбыр жауып және екпінді жел соғады. Сонымен қатар, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы аз уақытқа жоғарылап, кейін қайта төмендейді: республиканың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Маңғыстау облысында ғана ауа райы ыстық әрі жауын-шашынсыз болмақ.

Ірі қалалардағы ауа райы

  • 13 маусымда Нұр-Сұлтанда ауа температурасы түнде +18 градус болса, күндіз 31 градус аптап ыстық болмақ. Алматыда түнде - плюс 17 градус, күндіз - 26 градус нөлден жоғары. Шымкентте түнде 17 градус жылы, ал күндіз 32 градусқа дейін ысиды.
  • 14 маусымда Нұр-Сұлтанда күн салқындап, түнде де, күндіз де 14 градус нөлден жоғары болады және жаңбыр жауады. Алматыда түнде 17 градус жылы болса, күндіз 27 градусқа дейін көтеріледі, найзағай ойнайды. Шымкентте түнде - плюс 22 градус, күндіз - 34 градус аптап ыстық.
  • 15 маусымда Нұр-Сұлтанда күні бойы жаңбыр жауып, ауа температурасы +12 градус болмақ. Алматыда да аздап жаңбыр жауады, түнде - 22 градус жылы, күндіз 28 градусқа дейін жоғарылайды. Шымкентте аптап ыстық, түнде - плюс 25 градус, күндіз 33 градус нөлден жоғары. 
Жаңалықтар
0