19:51 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Түркістан қаласы

Түркістан облысының бір жылдығы қалай тойланады?

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области / Самат Мырзалиев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
205 0 0

Мереке аясында елуге жуық шара ұйымдастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Облыстың алғашқы мерекесі барлық аудандарда аталып өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, ертең, Түркістан облысының бір жылдығын тойлау шаралары Нұр-Cұлтан қаласында да өтеді. Елорданың "Қазмедиа" орталығында тарихи фильмдер мен мультфильмдер көрсетілімі болады. Соның ішінде "Ордабасы – бірліктің туы", "Оқсыз оқиғасы" мен "Түркістан" анимациялық фильмдер, сондай-ақ, "Төле би" сериалы бар.

Облыстың мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабектің айтуынша, "Төле би" фильмі - әкімдіктің қаржысына түсірілген жоба. Он сериядан тұратын фильмге 153 миллион теңге жұмсалды.

"Онда Төле бидің өмірі, балалық шағынан бастап қартайғанға дейін басынан өткерген оқиғалары, билікке қалай келгені және тағы басқа тарихи оқиғалар баяндалады", - деді Исабаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Ал Түркістанның өзінде "Жастар fest" фестивалі өтеді. Соның аясында стрит-дэнсерлер, стрит воркаутшылар, рэперлер мен стритболшылар өз өнерін ортаға салмақ. Бұдан бөлек, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде "Түркістаным – тұраным" көрмесі ашылады. Оған облыстың 23 музейінде сақталған сирек және бағалы экспонаттар шығарылады. Облыс әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, тарихи жәдігерлердің ішінде Аппақ ишан мен Қажымұқат Мұңайтпасовтың жеке заттары да бар.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында пошта қызметкері екі әріптесін айдалада өлтіріп кетті

"Мәселен, Аппақ ишанның медресе-музейінен 17-ші ғасырдың жайнамазы көрермен қауымның назарына ұсынылады. Ал Қажымұқан Мұңайтпасовтың музейінен танымал палуанның спорттық құралдары жеткізіледі. Қажымұқан олармен өнер көрсетіп, ұшақтың ақшасын жинаған", - деп атап көрсетті әкімнің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Әкімнің орынбасары Мәлік Отарбаевтың сөзіне қарағанда, биыл облыс орталығы - Түркістан қаласында бірнеше нысан ашылады.

"Мәселен, амфитеатр, әуенді субұрқақ, 900 орынды мектеп, медиа орталығы, әкімдік ғимараты және тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады", - дейді Отарбаев.

Тақырып бойынша

Түркістанда кішкентай қызды зорламақ болған педофил ұсталды
Түркістан облысының тұрғыны қызының тірі екенін дәлелдей алмай жүр
Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды
Балаларды байлап тастаған - Түркістанда кәсіпкердің үйіне жасалған шабуылдың мән-жайы
Ясауи кесенесі маңынан адам сүйектері табылды: мамандар мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырып