Өңірлер

Оралда полицейлер төбелескені үшін жұмыстан қуылды

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес, архивтегі фото
Төбелес, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіптік тексеріс өткізілгеннен кейін төбелескен адамдар Орал полициясында жұмыс істейтіні анықталды  

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы полицейлердің төбелесі жайлы видео желіде жарияланғаннан кейін тергеу жүргізді.  

"Төбелескендердің екеуі полиция қызметкері екені анықталды. Тексеріс барысында екі қызметкер арасында жеке бас араздығына байланысты жанжал шыққаны белгілі болды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Төбелесті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алып, видеоны мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратқан, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда төбелескен бес полицей ішкі істер органдарынан шығарылды

Видеороликте азаматтық киімдегі белгісіз екі адам автокөлікте отырған полицейге жұдырық ала жүгіреді.

Департаменттің тәртіптік комиссиясынан кейін полицейлерді полиция қызметкерінің беделін түсіргені үшін жұмыстан шығаруға шешім қабылданды, деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0