19:55 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Пара

Жамбыл облысы әкімдігінің жоғары лауазымды қызметкері ұсталды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
780 0 0

Шенеунік қамқоршылық жасағаны үшін 350 мың теңге пара сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруда пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Тағы оқыңыз: Депутат 76 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды - видео

Әскери борышын өтеуге шақырылған сарбаздарды ыстық тағаммен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартына сәйкес жалпы қамқоршылық жасағаны үшін шенеунік жеке кәсіпкерден 350 мың теңге пара сұраған.

"Кінәсін толығымен мойындағандықтан күдікті қамауға алынбады. Тергеу әлі жүріп жатыр", - деп жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімет берді.

Күдіктіге қатысты ақтық шешімді сот қабылдайтын болады.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында басқарма басшысы ұсталды

Тақырып бойынша

Қазақстанның солтүстігінде әкім 3 миллион теңге парамен ұсталды
Қостанай облысында полицей парадан бас тартты – видео
Әскери билет үшін 800 мың теңге алған парақор видеоға түсіп қалды
20-дан астам кеден қызметкеріне пара алды деген айып тағылды - ҰҚК
Кілт сөздер:
пара, шенеунік, әкімдік, Жамбыл облысы
Загрузка...

Басты тақырып