04:36 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Ер мен әйел, архивтегі сурет

Алматы облысының тұрғыны әйелді зорлап тастап, жайлауға қашып кеткен

CC0 / rebcenter-moscow
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
7244 0 0

Күдікті полицияға ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп ізін суытқан

ТАЛДЫҚОРҒАН, 19 маусым — Sputnik. Алматы облысында әйелді зорлады деген күдікке ілінген 31 жастағы жігіт шалғайдағы жайлаудан табылды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сарқан ауданының тәртіп сақшылары ешқайда кетпей туралы қолхат жазып беріп, ізін жасырған күдіктіні 2018 жылдың желтоқсанынан бері іздеген. Ер адамға Сарқан қаласында 35 жастағы келіншекті зорлады деген айып тағылыпты. Жәбірленуші әйел полицияға арыз берсе керек.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында әйелдерге қырғидай тиетін таксист ұсталды

"Сотқа дейінгі тергеулер кезінде қолхат жазып берген күдікті қашып кетті. Жақында оның шалғайдағы жайлауда жасырынып жүргені анықталды. Кеше ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген", - деп Алматы облысының полиция департаменті мәлімет берді.

Ведомство атап өткендей, тергеу материалы сотқа жіберіліпті, үкім шыққанша күдікті уақытша ұстау абақтысында отырады.

Тақырып бойынша

Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
Ресейдің халық әртісі, танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты
Алматыда "Медеудің" әжетханасында зорланған қызға қатысты тың дерек шықты  
Шымкентте 9 жасар қызға ойына келгенін істеп, зорлап тастаған азғынға үкім шықты
Алматыда қаршадай қызды әжетханада зорламақ болды: күдікті бұрын педофилия үшін сотталған
Кілт сөздер:
әйел зорлау, Алматы облысы
Загрузка...

Басты тақырып