08:16 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Нұрсұлтан Назарбаев Үшқоңыр спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты

Назарбаевтың отбасы мен жақындары жастарға спорт кешенін салып берді

© Photo: Официальный сайт президента РК
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
108 0 0

"Үшқоңыр" спорт кешенінде жергілікті жастардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған  

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев "Үшқоңыр" спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

​Елбасы өңірдің барша тұрғындарын "Үшқоңыр" спорт кешенінің ашылуымен құттықтап, бой көтерген нысанның жастарды тәрбиелеу және дене шынықтыру ісіндегі маңызын атап өтті.

"Біз бүгін аудандағы бірегей спорт кешенін аштық. Дені саудың – жаны сау. Қазіргі заманда дені сау адам ғана табысқа жетеді. Сондықтан, біз бұл нысанды жастарымыз үшін арнайы салдық", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

​"Біздің балалық шағымызда спортпен шұғылдану үшін мұндай жағдай болмады. Ал, қазір жастар үшін барлық мүмкіндік бар. Көптеген табысты азаматымыз туған ауылы мен аудандарына қолдау көрсетеді деп ойлаймын. Жаңа спорт кешенінде жаттығатындардың арасынан болашақ чемпиондар шығады деп сенемін. Менің отбасым және жақындарым осы спорт кешенін арнайы сіздердің игіліктеріңіз үшін салды. Сіздерге зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін. Баршаңызды тағы да спорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын!", – деді Елбасы.

​Спорт кешенінде бокс, күрес және тренажер залдары, жүзу бассейні, теннис корты, көпфункционалды залдар және басқа да спорт инфрақұрылымдары бар.

 

Тақырып бойынша

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келді
Назарбаев Қазақстанның болашағын қалай елестететінін айтты
Назарбаев Қазақстанның жас спорт жұлдыздарымен кездесті
Халық ерекше бағалайтын Елбасының 7 қасиеті
Назарбаев жөтеліп отырған екі әйелге өз қолымен дәрі апарып берді – видео  
Кілт сөздер:
спорт кешені, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып