Өңірлер

Шымкент мейрамханаларының бірінде лауазымды шенеунік ұсталды - видео

© AP Photo / Martin Mejiaкісен, архив суреті
кісен, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер 120 мың теңге пара алды деп айыпталып отыр

НҰР-СҰЛТАН,  22 маусым – Sputnik. Шымкент мейрамханаларының бірінде қалалық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясы басшысының міндетін атқарып жүрген шенеунік ұсталды.

Шымкент қаласының жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарлауынша, шенеунік жекеменшік компаниядан ветеринарлық сертификаттар үшін 120 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. Оған қалалық ветеринарлық қызметтің дәрігері көмектескен.

Күдіктілер кінәсін толық мойындағандықтан, олар қамауға алынбаған. Тергеу жүріп жатыр.

"Күдіктілердің кінәсінің деңгейін анықтауға қатысты соңғы шешімді сот шығарады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0