19:53 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Портфель

Қомақты қаражат қымқырған шенеуніктің бастығы отставкаға кетті

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3782 0 0

Қаржы басқармасы басшының орынбасары мен әйелі Солтүстік Қазақстан облысы бюджетінен 83 миллион теңге қымқырды деген күдікке ілінді

ПЕТРОПАВЛ, 25 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысы отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Өңірдің қаржы басқармасы басшысының орынбасары өз әйелімен сыбайласып, 83 миллион теңге бюджет қаражатын қымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Ерлі-зайыпты жер учаскесін бөлу бойынша жерге орналастыру жобаларын дайындау туралы жалған келісімшарт жасап, үлестес кәсіпорындар арқылы арам ойын іске асырған екен.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жемқор басшылар сотталды

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Шенеуніктің әйелі екі кішкентай баласы болғандықтан ұсталған жоқ.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қаржы басқармасы басшысы орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді.

"Қазір осы іс бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қаржы басқармасы басшысы Ескен Әкімжанов осы қылмысқа күдікті қол астындағы қызметкерді дұрыс қадағаламады. Сол себепті отставкаға өтініш беруді борышым деп санады, мен де бұл шешімін қабылдадым", - деп Құмар Ақсақалов жастармен кездесуде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұраққа жауап берді

Өңір басшысы атап өткендей, қол астындағы қызметкерлер жемқорлық жасаса, басшылар отставкаға кетуге тиіс.

"Бұл – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ымырасыз ұстанымы", - деп ойын аяқтады әкім.

Шенеунік ақша жесе, бастығы жазаланады

Таяуда мәжіліс "Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Бұл өзгерістер бойынша қол астындағы шенеунік жемқорлық жасаса, бірінші басшы жауапкершілікке тартылады.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын жемқорлық дауынан соң білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қызметінен босатылды: ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов пен білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынған.

Тағы оқыңыз: Тестілеу орталығына жемқорлық дауынан кейін жаңа басшы келді

Тақырып бойынша

Бастықтарға дастарқан жаятындар жазаланады - жемқорлыққа қарсы агенттік
Тоқаев жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның басшысын қызметінен босатты
Жаңа білім министрі жемқорлықпен қалай күресетінін айтты
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады
Кілт сөздер:
басшы, отставка, шенеунік, қаражат қымқыру
Загрузка...

Басты тақырып