05:20 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Кісен, архивтегі сурет

Ерекше бизнес ұсынған: жұртты 40 млн теңгеге алдап соққан әйел ұсталды

© Sputnik / Тимур Батыршин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1393 0 0

Алаяқ тұрғындарға жеңіл жолмен ақша табуды ұсынып, қыруар қаржыға кенелген

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Петропавл полицейлері 40 миллион теңгеге алаяқтық жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қалалық полиция департаментіне Қызылжар ауданының тұрғындарынан шағым түскен. Криминалды полиция қызметкерлері 1981 жылы туған Бескөл ауданының тұрғынын ұстаған.

"Адамдармен танысып, оларға жеңіл жолмен пайда табуға болатын бизнеспен шұғылдануға кеңес берген. Осылайша, ол ақшаның бір бөлігін "инвестициялауды" ұсыныпты. Алғашында адамдардан 100 мың теңге сұраған. Егер адам келісімін берсе, оған белгілі уақыттан соң 120 мың теңгесі қайтарылыпты. Адамның сеніміне кірген соң, оған "арнайы ұсыныс" жасап, 1 миллион теңге салуды ұсыныпты", - дейді тәртіп сақшылары.

Біраз уақыттан соң, салынған ақшаның бір бөлігі процент түрінде берілген.

Күдікті қалған ақша "айналымға" жіберілді деп сендірген. Қосымша ақша салып, табысты ұлғайтуға болатынын да айтыпты. Зардап шегушілер бұған қуана келіскен.

"Адамдар кредит алып, туыстарын да ақша салуға көндірген. Тіпті, бір жолы күдіктінің қолына 27 миллион түскен көрінеді. Ол өзінің мұндай "бизнесін" 2018 жылдан бері жүзеге асырып келген. Зардап шегушілер полицияға арыз бермей, табысты айлап күтіп отырған", - дейді қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің басшысы, полиция майоры Марат Жанғұжинов.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда сүйіктісіне қымбат сыйлық жасамақ болған жігіт тақырға отырды

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді.

Қазіргі таңда күдіктінің басқа істерге қатысы бар-жоқтығы тексерілуде. Оған қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылыпты.

Тәртіп сақшылары күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккен азаматтарды анықтауда. Қазірдің өзінде шығын мөлшері 40 миллион теңгеге жетіп отыр.

Кілт сөздер:
әйел, миллион теңге, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып