06:28 16 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR432.47
  • RUB6.12
Бердібек Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев Арыс халқына: көмек ашық әрі әділ бөлінетін болады

© Sputnik / Асем Миржекеева
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Арыстағы жарылыс (81)
104 0 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Арыс тұрғындарымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым — Sputnik. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Шымкент қаласына барды. Ол қаланың әлеуметтік нысандарына уақытша орналастырылған Арыс қаласының тұрғындарымен жолықты.

"Көмек ашық әрі әділ түрде бөлінеді"

Министрлік басшысы тұрғындарды қауесетке сенбеуге және арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.

"Арысты қалпына келтіру президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында. Қаланы, әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және қалпына келтіру үшін барлық қажетті қаражат бөлу бақылауға алынды. Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Сіздерден арандатушылыққа бой алдырмауды және қауесетке сенбеуді сұраймын. Үкімет пен жергілікті органдар тарапынан қажетті мәселенің бәрі шешілуде", - деді министр.

Министр қиын сәтте бүкіл Қазақстан Арыс тұрғындарына қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.

"Еліміздің түкпір-түкпіріндегі азаматтардан көмек келіп түсуде. Барлық қаражат пен гуманитарлық көмек сіздерге ашық және әділ түрде бөлініп берілетін болады. Бұл үшін құрамына сіздердің өкілдеріңіз кіретін қоғамдық комиссия құрылады. Бұл мәселе ерекше бақылауда", - деді Еңбек министрі арыстықтарға.

Әскери бөлім Арыстан көшіріледі

Сондай-ақ, әскери бөлімнің Арыс қаласынан көшірілетінін де айтты.

"Президенттің тапсырмасымен әскери бөлімді Арыс қаласынан қауіпсіз жерге көшіру мәселесін шешетін комиссия жұмыс істеп жатыр. Басты міндет - болашақта апаттың қайталануына жол бермеу. Экологиялық жағдай да назардан тыс қалмайды. Жақын арада жағдай қалпына келеді, сол себепті сіздерді сабырлық пен шыдамдылыққа шақырамын", - деді Сапарбаев.

Тағы оқыңыз: Арыстағы жарылыстан мешіттер аман қалды  

Сапар барысында еңбек министрі №35 медициналық жедел-жәрдем ауруханасы мен №1 балалар ауруханасында ем қабылдап жатқан арыстықтармен кездесті.

Сондай-ақ, Сапарбаев Арыс қаласының тұрғындары уақытша орналастырған "Дарын" мектеп-интернаты, балалар үйі мен №89 орта мектепте болды.

Арыстағы жарылыстар

24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімде өрт шығып, қоймада сақталған оқ-дәрілер жарылды. Төтенше оқиға салдарынан үш адам көз жұмып, 160-тан астамы дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Жарылыстан соң Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Тақырып:
Арыстағы жарылыс (81)

Тақырып бойынша

Арыстағы жарылыс: желіні шулатқан фотоға ТЖК түсініктеме берді
Nur Otan партиясы арыстықтардың мазасын қашырған сұраққа жауап берді
Арыста дезинфекция жұмыстары басталды
Арыстағы жарылыстан мешіттер аман қалды  
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен екі бала Нұр-Сұлтанға жеткізіледі
Кілт сөздер:
Бердібек Сапарбаев
Загрузка...

Басты тақырып