10:33 20 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.16
  • EUR428.47
  • RUB6.08
Арыстық 340 оқушы жазғы лагерге кетті

Арыстық 340 оқушы жазғы лагерге кетті

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
69 0 0

Арыс қаласында 40 мектеп бар, онда 19 916 бала білім алады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. 30 маусымда Арыс қаласының 140 оқушысы Ақмола облысындағы Бурабайға оқушылар лагеріне демалысқа кетсе, 200 оқушы Нұр-Сұлтан қаласына жол жүрді, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Арыстық балалардың қауіпсіздігіне тәлімгерлер жауап береді. Оларды демалысқа жіберудегі басты мақсат – төтенше жағдай факторлары салдарынан мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету.

"340 оқушыны ата-аналары Шымкент қаласындағы теміржол вокзалынан шығарып салып, сәт-сапар тіледі", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Арыс қаласында 40 мектеп бар, мұнда 19 916 бала білім алса, мектепке дейінгі ұйымдарда 5071 бала тәрбиеленіп жатыр.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін арыстық 570 бала жазғы саяхатқа жіберілді.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.

Жергілікті тұрғындардың үрейі үшіп, үйлерін тастап қаша бастады. Халықты Шымкент және басқа көршілес елді мекендерге эвакуациялау басталды.

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: бір тұрғын және екі әскери қызметкер.

Саперлер қаланы тазартып, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне орала бастады.

29 маусымда үкімет басшысы Асқар Мамин Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден берілетінін мәлімдеді.

Тақырып бойынша

Арыстың әрбір тұрғынына 100 мыңнан беріледі: Мамин өңірде жиын өткізді
"Қалада снаряд жарылған жоқ": министр Арыстағы оқиғаға не себеп болуы мүмкін екенін айтты
Қазақстанның бас экологы Арыстағы жарылыстан кейін мәлімдеме жасады 
Арыс тұрғындары өз үйлеріне қайта бастады
"Жүрегіміз де, тілегіміз де бір": Шөкеев Арыс халқына қандай уәде берді?
Арыстағы трагедия: 50 адам әлі де ауруханада жатыр
Кілт сөздер:
оқушылар, жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып