10:25 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Бақытжан Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав Воднев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
532 0 0

Алматы әкімі қала тұрғындарымен тікелей байланыс жасау үшін әлеуметтік желілерде аккаунт ашты

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев маңызды шешімдерді халықпен бірге қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputniк Қазақстан тілшісі.

Ол Алматы әрбір қазақстандық үшін маңызды шаһар екенін атап өтті.

"Құрметті алматылықтар! Алматы қаласы әкімі міндетіне кірісе отырып, қала тұрғындары алдындағы зор жауапкершілігімді толық сезінемін. Алматы – әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала. Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала – менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі", - деді қала әкімі Facebook-тегі жеке парақшасында.

​Осы орайда ол әр алматылықтың жақсы өмір сүруіне жағдай жасауға уәде берді.

"Менің басты мақсатым – Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін қауіпсіз де қолайлы мегаполиске айналдыру. Біз оған тек бірге тізе қосып, еңбектену арқылы жете аламыз. Сондықтан сіздердің талап-тілектеріңізді біліп, уақтылы жауап беру – мен үшін өте маңызды", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ қала әкімі алматылықтарға әлеуметтік желілерде не үшін аккаунт ашқанын түсіндірді. Айтуынша, маңызды шешімдер қабылданғанда шаһар тұрғындарының да пікірі ескеріледі.

"Қаланың проблемалары мен даму стратегиясын сіздермен бірге ашық талқылағым келеді. Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім. Барлығымыздың тағдырымызға қатысты маңызды шешімдерді әзірлеп, қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік", - деп түйіндеді сөзін әкім.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 28 маусымда Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Осыған дейін ол Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.

Тақырып бойынша

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алдында қандай міндеттер тұр?
Алматы қаласының әкімі ауысты
Тоқаев жасаған ауыс-түйіс нені білдіреді - саясаттанушылардың пікірі
Бақытжан Сағынтаев пен Әсет Исекешев қызметінен босатылды
Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, үндеу
Загрузка...

Басты тақырып