Өңірлер

"Төтенше жағдай кезінде қыдырып жүр": Арысқа көшкен Шөкеев кімге шүйлікті?

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиТүркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстағы жиын кезінде Түркістан облысы әкімінің қарамағындағылар сөгіс естіді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласына көшті. Ол бір ай бойы қаланы қалпына келтіру жұмыстарын бақылайтын болады. Бұл туралы әкім қаладағы апта сайынғы аппарат отырысы кезінде айтты.

"Әрбір үйді қалпына келтіруге жауап беретін әкімнің орынбасарлары қайда? Мен осында бір ай тұрамын. Сондықтан бәрі осында болуы тиіс", - деді Шөкеев. Әкімнің айтқан сөзімен оның кеңесшісі Сәкен Қалқаманов бөлісті.

Жиын кезінде Шөкеев кейбір адамдардың Арысқа келмегені туралы да айтты.

"Әкім орынбасары да жоқ... Ол төтенше жағдай кезінде қыдырып жүр. Мұны премьер-министрге хабарлайтын боламыз... ", - деді Шөкеев.

Облыс әкімі штабтардың маңында арнайы белгілерді орнатып, барлық деңгейдегі жергілікті билік өкілдерінің байланыс телефонын көрсету керек екенін айтты.

"Облыс және аудан әкімдері орынбасарларының телефондары көрсетілуі тиіс. Бұл телефондар тәулік бойы қосулы болсын", - деді Шөкеев.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.

Жергілікті тұрғындардың үрейі үшіп, үйлерін тастап қаша бастады. Халықты Шымкент және басқа көршілес елді мекендерге эвакуациялау басталды.

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: бір тұрғын және екі әскери қызметкер. 

Қорғаныс министрі төтенше жағдайдың алдын ала себептерін атады. Оның айтуынша, жарылыстарға электр желісінің тұйықталуы, оқ-дәрідегі химиялық реакция, диверсия, бөтен бір заттың тиіп кетуі, шөптің жануы себеп болуы мүмкін. 

Саперлер қаланы тазартып, 28 маусымда тұрғындар үйлеріне орала бастады.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Арыстың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден берілетінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0