18:37 22 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
689 0 0

Түркістанның жаңа әкімі Рашид Аюпов бұрын "Шымкент" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын басқарған

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеев қаланың жаңа әкімін таныстырды.

Рашид Аюпов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. Шымкент университетін, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетін, Академиялық инновациялық университетті бітірген. Информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер.

"Болашақ" бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Лондонның Мария патшайым универсиетін бітірген (Queen Mary University of London), мемлекеттік басқару магистрі.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда ауданға жаңа әкім тағайындалды

Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласындағы "Дәулет" өндірістік кооперативінде инженер-оператор болып бастады.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша ақпарат және сынақ орталығының операторы, жетекші сарапшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпарат және сынақ орталығы директорының орынбасары және директоры, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарған. Қазақстан Республикасының премьер-министрі кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылығы және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесі басшылығы хатшылығының бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен.

Тағы оқыңыз: Бауыржан Байбек қандай қызметке тағайындалды?

2015-2018 жылдары Шымкент әкімі аппаратының басшысы болып,  NUR OTAN партиясы ақпараттық технологиялар орталығын басқарды, Шымкент әкімінің кеңесшісі болды.

Түркістан әкімі болып тағайындалғанға дейін Рашид Аюпов "Шымкент" корпорациясының басқарма төрағасы лауазымын иеленген.

Кілт сөздер:
әкім, Түркістан
Загрузка...

Басты тақырып