07:09 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Полиция. Архивтегі фото

Арыста 20 миллион теңгенің мал-мүлкі ұрланды

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
146 0 0

Полицейлер ұрлыққа қатысты 100-ден астам арыз-шағымды қабылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Ішкі істер вице-министрі Алексей Калайчиди Арыста жасалған қылмыстар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, Арыста ішкі істер органдарының 404 қызметкері жүр. Осы уақытқа дейін олар ұрлыққа қатысты 100-ден астам арыз-шағымды қабылдаған.

"Әзірге ұрлыққа қатысты 120 арыз түсті. Ол қылмыстық әрекеттер адамдар қалада болмаған кезде, сосын эвакуация жүріп жатқанда болды. Енді ол кезде дүрбелең болған ғой. Адамдар бәрін тастап қашқан. Өкінішке қарай, осындай жағдайда да қылмысқа барғандар болды", - деді Калайчиди Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қарақшылар үйге түсіп, жеке мүлікті, тіпті, қорадағы малды ұрлаған.

"120 арыз түсті деп отырмыз ғой. Аталған шағымдар бойынша шығынның жалпы көлемі 20 миллион теңгені құрап отыр. Енді бізде ұрлыққа қатысты қылмыстық істердің 50 проценті ашылады", - деп атап көрсетті Калайчиди.

Арыстағы төтенше жағдай

24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында жарылыс болды. Қала жанындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шығып, оқ-дәрі жарыла бастаған.

Жергілікті тұрғындардың үрейі ұшып, үйлерін тастап қаша бастады. Халықты Шымкент және басқа көршілес елді мекендерге эвакуациялау басталды.

Тағы оқыңыз: Арыста снаряд жарылған жоқ - министр

Жарылыс салдарынан үш адам қаза тапты: бір тұрғын және екі әскери қызметкер. 

Тақырып бойынша

Ермекбаев Арыстағы әскери арсенал қашан көшірілетінін айтты
"Қорқынышты көрініс": Сапарбаев Арыстағы жағдай туралы айтып берді
"Жағдай бұдан да ауыр болар еді": Беккер Арыстағы таңғаларлық жайт туралы айтты
Арыстағы жарылыс: қала тұрғынының шкафтағы 2 миллиондай ақшасы жоғалды
Кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқпын - министр Арыстағы жарылыс туралы
Әдейі өрт қоюы мүмкін – қорғаныс министрі Арыстағы жарылыстар туралы
Кілт сөздер:
жарылыс
Загрузка...

Басты тақырып