22:23 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Алматыдағы бейбіт митинг

"Арандатуға жол жоқ!": алматылықтар тағы да митингіге шықты

© Sputnik / Тимур Батыршин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
456602

Бейбіт митингіге 500 адамдай жиналған, акцияны ұйымдастырушы - Nur Otan партиясы

АЛМАТЫ, 6 шілде – Sputnik. Алматыда Nur Otan партиясының ұйымдастыруымен бейбіт митинг өтті. Biz birgemiz атты акция Сарыарқа кинотеатры артындағы скверде болды. Бір апта бұрын осында қоғам белсенділері митинг өткізген еді.

Мирный митинг против провокаций и войны прошел в Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда бейбіт митинг өтті

 

Митингіге 500-дей адам қатысты, олардың арасында мәдениет қайраткерлері, ғылыми қауымдастық өкілдері, қаланың қоғамдық кеңесінің мүшелері, мұғалімдер бар. Демонстрация өткен аумақта бірнеше полиция патрулі, жедел жәрдем мен екі өрт сөндіру жасағы кезекшілік етті.

Қатысушылар "Біз соғысқа қарсымыз, арандатушылардың керегі жоқ", "Әблязов – нағыз алаяқ" және тағы басқа ұрандармен шыққан.

Мирный митинг против провокаций и войны прошел в Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бейбіт митинг Nur Otan партиясының ұйымдастыруымен өткен

 

Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Конуров митингіде сөйлеген сөзінде жиналғандардың басты мақсаты шетелдегі арандатушы тұлғаларға қарсылық екенін атап өтті.

"Білім деңгейін көтеріп, арандатушыларға жол бермеуіміз керек. Бұл арандатушылардың артында тұрған кім? Шетелге қашып кеткен Әблязов. Қазақстан үшін шынымен алаңдайтын болса, қазір халықпен бірге болатын еді", - деді Конуров.

Мирный митинг против провокаций и войны прошел в Алматы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Конуров

 

Митингіге шыққандар бірігіп, арандатушыларға қарсы тұруға үндеу тастады. Спикерлер қазақстандықтардың мұң-мұқтажын шешудегі партияның елеулі үлесін айтты.

Тағы оқыңыз: Елорда мен Алматыда рұқсат етілген митинг өтті

Еске сала кетсек, қашқын банкир Мұхтар Әблязовтің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. 2018 жылдың наурызында "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (ДВК)*  экстремистік болып танылды. Әблязов халықты наразылыққа шақырып, әлеуметтік желілер арқылы алауыздықты туғызып отыр, деп мәлімдеді Бас прокуратура.

*Қазақстанның демократиялық таңдауы (ДВК) – Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым.

Тақырып бойынша

Алматыдағы митинг: түндегі оқиғалар хронологиясы
Қазақстанда митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті – министр 
"Қамауда 3 адам қалды": Тұрғымбаев митинг кезінде ұсталғандар туралы айтты
Митинг кезінде 4 мыңға жуық адамның ұсталғаны белгілі болды
Кілт сөздер:
митинг, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып