Өңірлер

Қарағандыда кеншілер ереуілге шықты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуКеншілер, архивтегі сурет
Кеншілер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеншілердің наразылығынан кейін кейбір басшылар қызметінен шеттетілді

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Бүгін "Шұбаркөл көмір" АҚ көмір өндіруші компаниясының 200-ге жуық кеншісі жұмысқа шығудан бас тартты. Олар бірнеше басшыны жұмыстан шығарып, еңбек шарттарын өзгертуді талап еткен.

Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына компания президенті Андрей Сафонов келді.

"Кеншілердің пікірінше, кейбір цех басшылары лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған", - деп мәлімдеді "Шұбаркөл көмір" баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: "Бұған нүкте қою керек": министр Нұр-Сұлтандағы жұмысшылардың ереуілі туралы айтты

Компания басшысы Андрей Сафонов жиналғандардың арыз-шағымын тыңдап, ұжымның талаптарын қанағаттандыру үшін шешім қабылдады.

"Кейбір басшылар қызметінен шеттетілді", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Қалған мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.

Қазір "Шұбаркөл көмір" бөлімшелері мен тау-кен цехтарының барлық қызметкері жұмыс орындарына қайтып оралды.

Жаңалықтар
0