08:33 10 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.55
  • EUR426.57
  • RUB6.05
Ер адам, архивтегі сурет

Павлодар облысында әдептен озған әкім орынбасары жұмыстан қуылды

© Sputnik / Виталий Аньков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
380 0 0

Өңірде бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 64 жемқорлық қылмысы тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Павлодар облысында әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қызметкерлерімен бірге ішімдік ішкен Успен ауданы әкімінің орынбасары Жасыұзақ Есіркепов жұмыстан босатылды, деп хабарлайды жергілікті pavlodarnews.kz порталы.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы Айдар Тастеміров "Ертіс - Адалдық алаңы" жобасы аясында 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстың қорытындысы туралы баяндады.

Тастеміров мемлекеттік қызметшілер мен түрлі деңгейдегі басшылардың әдепке жатпайтын әрекеттеріне халықтың шағымданғанын айтты. Ол мемлекеттік сатып алу аясында екі қабаттық қызметтік пәтер мен қымбат эбен ағашынан жасалған жиһаз сатып алу қоғамның ашуын тудырғанын атап өтіп, өрескел тәртіп бұзған шенеуніктердің әрекеттерін мысалға келтірді.

Тағы оқыңыз: Ұлттық экономика министрлігінің лауазымды шенеунігі сот залынан босатылды

"Әдеп бойынша кеңес отырысында Успен ауданы әкімінің орынбасарын мемлекеттік қызметтен босату жөнінде ұсыныс айтылды. Ол өзіне бағынышты қызметкерлермен бірге ішімдік ішкен. Сондай-ақ жақында Аққулы ауданындағы шешеунік қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, өз кабинетінде жергілікті тұрғынды соққыға жыққаны туралы шағым түсті. Мемлекеттік қызметшілер мен басқа адамдар бұған куә болыпты", - деді департамент директоры.

Бүгін Успен ауданы әкімінің орынбасары Жасыұзақ Есіркепов қызметтік этиканы бұзғаны үшін қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке 2018 жылдың 10 шілдесінде тағайындалған еді. Шаруашылық кәсіпорнындағы және мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 30 жыл.

Сөз соңында Айдар Тастеміров 2019 жылдың бірінші жартысында облыста 64 жемқорлық қылмысы тіркелгенін айтты. Олар жер қатынастары, білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, құқық қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету және салық салаларында болған. Өңірде сегіз басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.

Тақырып бойынша

Көлікте отбасы да болған: Қырғызстанда шенеунік жол апатынан көз жұмды
"Бос уақытта айналыссын": Тоқаев "Болашақ" арқылы оқитын шенеуніктер жайлы айтты
Президент портреті төңірегіндегі шу: қызметкерлерге қандай жаза қолданылады
Мемлекет ақшасына достарына дастарқан жайған министр жұмысынан айырылды
Кілт сөздер:
жұмыстан шығару, әкім орынбасары, Павлодар облысы
Загрузка...

Басты тақырып