20:04 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Қазақстан полициясы. Архивтегі фото

Павлодарда бес полицей жұмыстан шеттетілді

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
49 0 0

Полицейлер шетелдік инвесторға заңсыз қылмыстық іс қозғаған

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодарда бес полицейді жұмыстан шеттетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаевтың айтуынша, полицейлер шетелдік инвесторға заңсыз қылмыстық іс қозғаған.

"Павлодарда бес полицей жұмыстан шеттетілді. Олар шетелдік инвесторға қатысты қылмыстық істі заңсыз бастағаны үшін айыпталып отыр. Қызметтік тексеріс басталды. Біз өз тарапымыздан осы мәселен жіті бақылап отырамыз", - деді Сабырбаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кеткен жөн, бүгінде агенттік жанында бизнес пен инвестицияларды жемқорлықтан қорғау жөніндегі жобалық кеңсе жұмыс істейді. Кеңсе менеждері Айдос Мамыттың сөзіне қарағанда, мамандар 339 жобаны бақылап келеді.

"Ол жобалардың 30 проценті – шетелдік инвесторлар. Соның ішінде Нидерланды, Қытай, Ресей, Америка, Германия, Түркия және тағы басқа мемлекеттер бар. Бір жылдың ішінде біздің кеңсемізге 583 арыз-шағым түсті. Осы арыздардың 92 проценті оң шешімін тапты. Осының нәтижесінде республика бойынша 21 мемлекеттік қызметкер әкімшілік, ал 56-сы тәртіптік жазаға тартылды", - дейді Мамыт.

Тақырып бойынша

Атышулы генерал тойына бір топ басшыны ертіп апарған - оқиғаның мән-жайы
Полицей 27 жастағы қызды таксиден түсіріп, қызметтік көлігінде зорлап тастады
Батыс Қазақстанда полицей өз бастығын атып өлтірді
Оқ жаудырған: Алматы облысында қылмысы әшкере болған 3 полицей қашып кетті
"Басқа іспен айналыса алмаймын" Әке жолын қуған полицейдің әңгімесі
Кілт сөздер:
Павлодар, полицей
Загрузка...

Басты тақырып