06:50 26 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Өрмекші, архивтегі сурет

Батыс Қазақстанды қауіпті өрмекші қаптады: үйді өртеуге кеңес берілді

CC0 / DirtyOpi
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1090410

Ауыл тұрғыны түсірген қарақұрттың фотосы өңір халқын шошытып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Батыс Қазақстанда адам үшін қауіпті улы өрмекші – қарақұрт қаптады, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.

Адамдар далаға шығуға, балаларын ойнауға жіберуге қорқып отыр.

Асан елді мекенінің тұрғыны өз үйінің ауласындағы өрмекшіні суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.

Жазбаны желі қолданушылары қызу талқыға салды. Видеоға пікір білдіргендер бұл шынымен де қарақұрт екенін айтып жатыр, кейбірі тіпті олар көбейіп үлгермеу үшін үйді өртеуге кеңес берді.

Энтомолог маман Ділдә Ақбауленова Батыс Қазақстанның климаты қарақұрттардың тіршілік етуіне қолайсыз екенін атап өтті – олар негізінен шөл және жартылай шөл далада мекендейді.

Ал Орал обамаға қарсы станциясының мамандары Батыс Қазақстан аумағында қарақұрт кездесетінін, ал қазір олардың көбею маусымы екенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Victor (@strenada_victor)

Адам үшін ең қауіптісі – қарақұрттың ұрғашысы. Олардың аталықтардан  айырмашылығы теріні тістеп алуы мүмкін.

Қарақұрттың шаққаны бір-екі күннен кейін ғана сезіледі. Белгілері – асқазандағы және бұлшықеттердегі ауырсыну.

 

Тақырып бойынша

Егеуқұйрық қаптап кеткен: Атыраудағы пәтерден 30 тонна қоқыс шығарылды
Ақтау халыққа қызмет көрсету орталығына жылан келді – видео
Ақтауды көбелек басып қалды – видео
Ішінде кене құжынаған нанды жеп қойған әйел ажал аузынан қалды
Нұр-Сұлтанда маса қаптап кетті: Жандарбек Бекшин себебін түсіндірді
Кілт сөздер:
Батыс Қазақстан, өрмекші
Загрузка...

Басты тақырып