08:55 23 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.04
  • EUR427.77
  • RUB5.88
Көліктегі ер адам

Қостанай облысында мас күйінде көлік жүргізген әкім жазаланды

CC0 / IgorShubin
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
34 0 0

Шенеуніктің әрекеті тәртіптік кеңес отырысында қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Қостанай облысындағы Новошумное ауылының әкімі Болат Бақытжанов үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Өңірлік tobolinfo.kz басылымының ақпаратына сәйкес, мас күйінде көлік жүргізген әкімді полицейлер осы жылдың наурыз айында ұстаған. Аудандық ауруханадағылар бұл ақпаратты растады.

Аудандық соттан кейін Бақытжанов үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды.

Болат Бақытжанов аудан орталығында досының туған күніне барып, екі бөтелке сыра ішкен. Түнде анасы қоңырау соғып, әкесінің денсаулығы нашарлағанын хабарлапты. Әкім рөлге отырып, Затобольск ауылына шыққан.

"Кінәмді толықтай мойындаймын, өкінемін. Бұл менің жеке көлігім болатын. Оқиға демалыс күні болды",- деді сотта ауыл әкімі. 

Бұған дейін Бақытжанов екі рет тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

Тағы оқыңыз: Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Тәртіптік кеңес мүшелері бірауыздан аудан әкіміне Бақытжановқа қатаң сөгыс жариялауды ұсыну туралы шешім қабылдады.

Тақырып бойынша

"Ұйықтап жүретін" әкімдер Бердібек Сапарбаевтан сөз естіді
Мемлекеттік қызметшілердің төбелесі: ауыл әкімінің басы бәлеге қалды
Баласын жұмысқа алған маңғыстаулық әкімге сөгіс жарияланды
Тұрғындарды балағаттап, қол жұмсаған әкім жауапқа тартылды
Кілт сөздер:
жаза, әкім, көлік, Қостанай облысы
Загрузка...

Басты тақырып