Өңірлер

Полковник пен майор пара алғаны үшін ұсталды  

© SputnikЖемқорлық, архивтегі фото
Жемқорлық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрме бастығының міндетін атқарушы мен апаттан құтқару мекемесінің жетекшісі пара алған

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі шендіге қатысты тергеуді бастады. Біреуі өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тағы оқыңыз: Шымкент мейрамханаларының бірінде лауазымды шенеунік ұсталды - видео 

Ресми мәліметке сәйкес, Павлодар облысында түрме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры пара алғаны анықталды. Ол сотталған азаматпен бірге жекеменшік компания директорынан 250 мың теңге көлемінде пара алып отырған. Сол үшін сотталғандармен еңбек шарттарын жасауға рұқсат берген.

"Күдікті өз кінәсін мойындады және процессуалды келісім жасауға өтініш берді. Тергеу жалғасуда. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады", - дейді агенттіктің мамандары.

Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында "Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің апаттан құтқару және өрт сөндіру қызметі" мемлекеттік мекемесінің жетекшісі, азаматтық қорғаныс полковнигі пара алды деген күдікке ілінді. Ол мемлекеттік сатып алулар бойынша атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойғаны үшін жекеменшік компания басшысынан 1 200 доллар алды деп айыпталып отыр.

Жаңалықтар
0