Өңірлер

Полицейді балағаттаған Түркістан тұрғыны кешірім сұрады - видео

© SputnikҚазақстан полициясы, архивтегі фото
Қазақстан полициясы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейге тіл тигізген жігіт жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде — Sputnik. Полиция қызметкерін балағаттаған Түркістан тұрғыны қамауға алынды. Әкімшілік сот осындай шешім шығарды, деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.

Әлеуметтік желіде "жұлдыз" болған Түркістан тұрғыны полицейге тіл тигізгені үшін 3 күнге қамауға алынды, деп жазады өңірлік vera.kz сайты.

Бұл оқиға полиция жүргізген рейд кезінде болған. Тәртіп сақшылары тұрғындарды жолды белгіленген жерден өтуге үйретіп жатқан. Полицейдің өзіне қарата айтқан сөзіне ашуланған жігіт оны балағаттайды.

"Қалада бағдаршамдар мен "зебралар" көп, бірақ тұрғындар басқа жерден жүгіріп өткенді жақсы көреді. Бұл жас жігіт те жолды кесіп өтпекші болады, ал өзіне жасалған ескертуге балағат сөзбен жауап қайтарды. Енді кешірім сұрап қана қоймай, айыппұл төлейді", - деп жазды Түркістан қаласы полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан өз парақшасында.

Сондай-ақ кешірім сұраған жігіт Түркістан тұрғындарын өзінің қателігін қайталамауға және заңды бұзбауға шақырады.

Жаңалықтар
0