Өңірлер

Үшкір зат тығып, аяусыз тепкіледі: Ақтөбедегі іске қатысты тағы бір адам ұсталды

CC0 / / ер адам
ер  адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаскөйлердің қолынан қаза болған жігіттің туыстары олардың әділ жазаға тартылуын сұрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Ақтөбе облысы Петропавл ауылының 28 жастағы тұрғынын ұрып өлтіру ісіне қатысты екінші күдікті ұсталды.

Еске сала кетсек, Андрей Бычков пен оған шабуыл жасағандардың арасында төбелес бесінші шілдеде болған. Тоғызыншы шілдеде ер адам ауруханада есін жимаған күйі көз жұмды.

Полиция жігіттің самайына үшкір зат тығып, аяусыз тепкілеп, соққыға жыққан екі күдіктіні тез анықтады, оның біреуі көп ұзамай ұсталды. Енді екінші күдіктінің де қолға түскені белгілі болып отыр, деп хабарлайды times.kz.

Ал Андрейдің туыстары қаскөйлердің әділ жазаға тартылуын сұрайды.

"Біз әлі күнге дейін Андрейдің өліміне сенгіміз келмейді. Әсіресе, оны өсіріп-тәрбиелеген 82 жастағы әжесі қатты қиналып жүр. Андрейдің суретіне қарап, жылай береді. Әділетсіздіктен жүрегіміз ауырады. Айыптылардың әділ жазаға тартылуын қалаймыз. Бүкіл біздің отбасы олар әдейі соққыға жықты деп есептейді. Жазатайым басына темір тығып алу мүмкін емес", - дейді Виктория Криворучко.

Тағы оқыңыз: Құрбысымен қонаққа барған қыздың жантүршігерлік оқиғасы

Әйелдің айтуынша, Андрейді жай ғана тепкілеп ұрған жоқ, оның самайына үшкір зат тығып алған. Осы соққыдан 28 жастағы жігіт жан тапсыруы мүмкін. Бұл жәйт сот-медициналық сараптама қорытындысында да өлімнің бір себебі ретінде көрсетілген.

Жаңалықтар
0