Өңірлер

Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды - видео

Жазылу
Бұл оқиғадан кейін зообақ әкімшілігі полицияға арыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Шымкент қаласындағы зообаққа келген жас жігіт жирафқа мініп алды.

Тәртіпбұзушының бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Жас жігіт зообаққа қыздармен бірге келіп, экзотикалық жануар сынап көргісі келіпті.

View this post on Instagram

A post shared by Туркестан | Түркістан (@turkestan_today) on

Тыйым салынғанына қарамастан ол момын жануарды өзіне шақырып, үш метрлік дуалға шықты да, жирафқа мініп алды.

"Шабандоздың" видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Осыған орай Шымкент зообағы мәлімдеме жасаған. Олардың мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 шілде сенбі күні болыпты.

"Бәлкім, жігіт пен қасындағы қыздар мас болған шығар. Бұл адам зообақ аумағында жүру ережесін бұзды. Ол жайында мекеменің радио желісі әр 15 минут сайын хабарлап отырады", - деп атап өтті зообақ басшылығы.

Зообақ әкімшілігі тәртіпбұзушыны жауапкершілікке тарту үшін полицияға арыз берді.

Жаңалықтар
0