11:03 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Күннің бұзылуы, архивтегі сурет

Қазақстанның алты облысында ескерту жарияланды

© Photo : СС0 / Tobias Hämmer
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
290401

Синоптиктердің айтуынша, бірнеше өңірде қатты жел соғып, күн күркірейді

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Қазақстанның алты облысы мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында ауа райы күрт бұзылады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Дабылды ескерту қай өңірлерде жарияланды

Қостанай облысы: кей жерде күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде кей жерде екпіні 15-20, күндіз 15-20, ұйытқуы 23 м/с болады. Қостанай қаласында күн күркірейді, күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады – 15-20 м/с.

Түркістан облысы: таңертең және күндіз кей жерде күн күркіреп, дауыл соғуы мүмкін. Шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, күндіз ұйытқуы 23 м/с. Түркістанда оқтын-оқтын шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екіпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысы: кей жерде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с. Көкшетауда таңертең және күндіз күн күркірейді.  Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Қызылорда облысы: кей жерде күн күркіреп, жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерде 15-20, күндіз 15-20, кейде 25 м/с. Дауылдың ықтималдығы – 90-95%.

Батыс Қазақстан облысы: күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Оралда 29 шілдеде күн күркіреп, күндіз желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы: күн күркіреп, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с. Петропавлда күн күркіреп, күндіз дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.

Нұр-Сұлтан мен Шымкенттегі ауа райы

  • Нұр-Сұлтанда: күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
  • Шымкентте: 29 шілдеде таңертең және күндіз оңтүстік батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Кілт сөздер:
қатты жел, ауа райы, дабылды ескерту
Загрузка...

Басты тақырып