00:03 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Ер адам, архивтегі сурет

Орал тұрғыны әріптесін өлтіріп, бір ай бойы мәйіттің жанында жатқан

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
508 0 0

Адамның денесін жүргізушілердің бірі тапты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотында Серікжан Әділовке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды жергілікті Мой Город порталы.

58 жастағы қылмыскер "Ғимарат" ЖШС-да күзетші болып қызмет етіпті. 3 наурыз күні кешкі 20:00-де  әріптесі Марат Черниязовпен ішімдік ішкен. Екеуі сөзге келіп қалып, Черниязов Әділовке соққы жасаған. Ол да жауап берді. Соққының қатты болғаны соншалық, Черниязов есінен танып қалған. Ал Әділов болса, әріптесін ұруын тоқтатпаған.

Әділов Черниязовтың бас сүйегін сындырып жіберген. Мәйітті кереуеттің астына тығып қойып, 27 күн бойы өзі де сол бөлмеде тұрған. Адамның денесін жүргізушілердің бірі тауып алыпты.

Тергеу кезінде қайтыс болған Черниязовтың Әділовті қайғылы оқиғаға дейін бірнеше мәрте соққыға жыққаны анықталды. Екеуі де отбасынан кетіп, жұмыс орнында тұрған.

Тағы оқыңыз: Қызылордада апатқа ұшыраған көліктің жүксалғышынан адам мәйіті табылды

Сот Әділовті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша кінәлі деп таныды. Қылмыскер он жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Тақырып бойынша

Бір апта мәйітпен бірге жатқан: Семейдегі жантүршігерлік оқиғаның видеосы
Дәрігерлер көшеге тастап кеткен мәйіттің қасында 3 сағат балалар ойнап жүрді – видео
Туысы бөлшектеп тастаған: Алматы облысында аса ауыр қылмыс ашылды
Жоғалып кеткен Алматы тұрғыны қаладан 100 км жерден өлі табылды
Полиция Шымкентте мәйіті табылған 3 жасар қыздың неден көз жұмғанын айтты
Кілт сөздер:
мәйіт, тұрғын, Орал
Загрузка...

Басты тақырып