17:30 06 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD385.76
  • EUR427.89
  • RUB6.04
Телефон ұстаған ер адам

Туған күннен келе жатқан: Петропавлда мемқызметкер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

© AP Photo / Michael Probst
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1305 0 0

Жас жігіттің қалтасында кредитін өтеуге қажетті ақша болған

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Петропавлда 29 жастағы мемлекеттік қызметкер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті.

Петропавлда 3 күннен бері Сағындық Салықовты қала болып іздеп жатыр. Мемлекеттік қызметте істейтін жігіт туған кешіне кетіп, қайтып оралмаған. Тіпті, сол түні оның қалтасында кредитін төлеуге қажетті ірі мөлшерде ақшасы болыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Екі айдан соң 29 жасқа толатын Сағындық Салықов әпкесімен бірге тұрады екен. Мемлекеттік қызметте абыройлы жұмыс істеген жігіттің қақ-соқпен ісі жоқ дейді табанынан таусылған туысқандары.

Туысқандарының айтуынша, туған күн кешінен шыққан Сағындық жол бойы таксиден түсіп қалып, жаяу жүрмек болыпты. Тіпті, сол уақытта әпкесімен телефон арқылы тілдескен екен. Көңілге күдік ұялататыны, оның қалтасында несиесін түгел төлеп тастауға жететін ірі көлемде ақшасы болған. Ал, Сағындықты іздеген жақындары бірден полицияға арызданыпты.

Тағы оқыңыз: Түркістандық жасөспірім анасын іздеп елордаға кетіп қалған

"Үшінші тамыз күні полицияның бірінші бөліміне із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз түскен. Қазір полиция бөлімдері осы арызбен жұмыс істеп жатыр. Іздестіру ісі қозғалған. Сондай-ақ, іздестіру шараларымен ТЖД қызметкерлері айналысуда", - деді СҚО ПД КПБ жедел уәкілі Данияр Ғалиақпаров.

Бейнебақылау камерасында Сағындықтың сол түні жарығы жанған көшедегі бұрылысты кесіп өтіп, қараңғыға сүңгіп кеткені аңғарылады. Әрі қарай Есіл өзенінің жағалауы. Оның ұшты-күйлі жоғалуына қатысты түрлі деректер айтылуда. Ит жетектеген сарбаздар жас жігітті жағалаудан іздесе, құтқарушылар күндіз-түні судың астын сүзіп жүр.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойына үш күн қалғанда күйеу жігіт ізім-ғайым жоғалып кетті

Әзірге жоғалған жігіт туған күннен келе жатып не үшін бағытын өзгерткені бәріне жұмбақ күйінде қалып отыр. Қазір құзырлы орган қызметкерлерінен бөлек, 100-ден астам ерікті Сағындық Салықовты іздеуге кіріскен.

Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметкерлер, Петропавл
Загрузка...

Басты тақырып