19:38 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Архивтегі фото

"Бір тиын да төлемеді": Ақтөбелік мұнайшылар бас көтерді    

© AP Photo / Rich Pedroncelli
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
665 0 0

Елуден аса жұмысшы мұнай компаниясын сотқа берді

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз — Sputnik. Ақтөбеде елуден аса мұнайшы "Сағыз Петролиум" компаниясын сотқа берді. Олар бұл мекемеден жиырма пайыздық үстеме ақыларын талап етіп отыр.

Өйткені алты жыл бұрын бекітілген ұжымдық келісімшарт бойынша айлықтарына экологиялық ахуалға қатысты қосымша ақша төленуі керек. Бірақ сол уақыттан бері бір тиын да өтемеген, деп хабарлады КТК.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда айлап жалақы алмаған жұмысшылар аштық жариялады

Сотқа арызданған елуден аса мұнайшының процеске түгел қатысуға мүмкіндігі жоқ. Жиналып, бір қорғаушының көмегіне жүгініпті. Вахталық әдіспен еңбек ететін жұмысшылар демалысқа шыққанда кезектесіп, сот отырысына қатысуға келіскен. Олар "Сағыз Петролиум" компаниясынан 20 пайыздық экологиялық үстеме ақыны талап етіп отыр.

"Кен орны экологиялық аймақта орналасқандықтан, бізге 20 процент төленуі керек. Соны төлемей отыр. Экологиялық зардабы тиіп жатыр. Күкіртті сутегі бар, шулы жерде жұмыс істейміз", - деп шағымданды мұнайшы Аймұрат Төремұратов.

Мұнайшылар экологиялық үстемақыға қатысты ұжымдық шарттың алты жыл бұрын бекітілгенін айтады. Сол уақыттан бері әрбір жұмысшыға берешегі үш миллионға жеткен.

"Сотқа шағымданған жұмысшыларға компанияның қарызы ең төмен дегенде миллионнан басталады. Үш миллион мен үш жарым миллион арасында", - дейді мұнайшы Рүстем Бақытжанов.

Ал бұл дауға қатысты "Сағыз Петролуим" компаниясының басшылары пікір білдіруге құлықсыз.

"Сағыз Петролиум" компаниясының заңгері де үстеме ақыға қатысты қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартты. Мұнайшылардан бір білгеніміз – жұмыс берушілері олардың сыртынан алты жылда екі рет ұжымдық шартқа өзгеріс енгізген көрінеді. Екеуі де осы дауға айналған экологиялық ақыға қатысты болып тұр.

Тақырып бойынша

"Әкімнің уәдесі қайда?": Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы бас көтерді
Өскемен тұрғындары жаппай көшеге шығып, жолды жауып тастады
"Аузыңды жап!" Алматыда қорлық көрген мұғалімдер шу шығарды
"Бұған нүкте қою керек": министр Нұр-Сұлтандағы жұмысшылардың ереуілі туралы айтты
Ауыл тұрғындары мен қытай компаниясының жұмысшылары төбелесіп кетті – видео
Кілт сөздер:
Ақтөбе, мұнай
Загрузка...

Басты тақырып