Өңірлер

Он жеті жыл бұрын "өлген" Жаңаөзен тұрғыны тірі болып шықты

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысының тұрғыны өзінің өлілер тізіміне енгізілгенін 2016 жылы ғана біліпті

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Жаңаөзен қаласының азаматы 2002 жылдан бері өлілер қатарына жатқызылған, деп хабарлайды жергілікті "Лада" порталы хабарлайды.

Әйел өзінің өлілер тізіміне енгізілгенін 2016 жылы ғана білген. Содан бері осы тізімнен шыға алмай жүр. Құзырлы органға арыз жазудан еш нәтиже шықпаған.

Жаңаөзен қалалық сотында азаматтық іс қаралды. 

"Тұрғын акт жазбасына сәйкес, өлілер қатарына жатқызылғанын тек 2016 жылы ғана білген. Оған дәлел болатын өлу туралы куәлік те бар. Осыдан соң әйел өзінің құқығын қорғау үшін көптеген инстанцияға барыпты. Бірақ түк нәтиже шықпаған. Отырыста ол соттан өзінің арызын қанағаттандыруды сұрады", - делінген қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз: Өлі деп саналған қазақстандық табылып, отбасымен кездесуден бас тартты

Сот істің материалдарын қарап шығып, әйелдің арызын қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады. Судья Ақтау прокурорының атына 2002 жылдың 16 шілдесінде өлген адамның жеке басын анықтау және олқылықты жою жөніндегі қаулы шығарды.

Жаңалықтар
0