11:07 13 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.63
  • EUR427.98
  • RUB6.08
Архивтегі фото

52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесіне сот үкімі шықты

© Sputnik / Евгений Одиноков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
869 0 0

Ер адам 50-ден астам адам көз жұмған трагедиядан кейін бір жылға тарта уақыт өткен соң ұсталды   

ШЫМКЕНТ, 14 тамыз – Sputnik. Сарыағаш аудандық сотында 2018 жылдың қаңтарында ішінде 52 адам өртеніп кеткен жолаушылар автобусының иесі Ордухан Мехтиевтің ісі бойынша сот отырысы аяқталды.

Оқиғадан кейін жолаушылар автобусының иесі Ордухан Мехтиев қашып кеткен болатын. Оған халықаралық іздеу жарияланып, бір жылға тарта уақыттан кейін, 2018 жылдың желтоқсанында Ташкентте ұсталды.

Тергеу аяқталғаннан кейін ол Қылмыстық кодекстің 348-бабының 4-бөлігінде (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқққан техникалық ақаулығы бар көлік құралдарын пайдалануға беру) қарастырылған қылмысты жасады деген айыппен сотқа тартылды.

Сот отырысы судья Тасболат Машраповтың төрағалығымен өтіп, алты айға жуық уақытқа созылды. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны үш жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: Ақтөбеде өртеніп кеткен 52 өзбектің туыстары 21 миллион доллар талап етті

Еске сала кетейік, өткен жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі Түркістан облысы) шекаралас аумағынан Өзбекстан азаматтарын Ресейге апара жатқан жолаушылар автобусы өртенді. Оқыс оқиға салдарынан 52 жолаушы – 25 пен 40 жас аралығындағы ер адамдар сол жерде көз жұмды.

Осы іске қатысты өткен жылдың тоғызыншы қарашасында бес адамға сот үкімі шықты. Шымкенттегі "Азия транзит" ЖШС-нің құрылтайшысы мен автопарк механигі 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. 

Тірі қалған үш автобус жүргізушісінің әрқайсысы 5 жылға сотталды. Сонымен қатар сотталушыларға жәбірленушілердің әрқайсысының отбасына 2 миллион теңгеден моралдық шығын өтеу міндеттелді.

Тақырып бойынша

Ақтөбеде өртеніп кеткен 52 өзбектің туыстары тосын мәлімдеме жасады
Ақтөбедегі 52 өзбектің өлімі: автобус жүргізушісі сотта оқиғаның қалай болғанын айтты
52 адам өртеніп кеткен автобустан түрлі дыбыстар шығады – күзетші
Өртеніп кеткен 52 өзбектің туыстары сотталушыларды ең ауыр жазаға кесуді талап етті
52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесі қашып жүр: кім жауап береді?
Кілт сөздер:
трагедия, автобус, 52 адам
Загрузка...

Басты тақырып