Өңірлер

Қазақстанда алғаш рет: Оралда келіншек егіздердің біреуін араға 2 ай салып босанды

© Photo : "Уральская неделя"Лилия Коновалова егіз балаларымен
Лилия Коновалова егіз балаларымен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер мұндай жағдай Қазақстанда алғаш рет тіркеліп отыр дейді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз – Sputnik. Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта ерекше жағдай болды. Анатомиялық ерекшелігі - екі жатыры бар әйел алдымен бір баланы, ал екі айдан кейін екіншісін дүниеге әкелді, деп хабарлайды uralskweek.kz өңірлік сайты.

Лилия Коновалова бірінші баланы мамыр айында туды. Шала туған қыздың салмағы 850 грамм болған. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды. Дәрігерлер сәбидің денсаулығын үнемі бақылап отырды. Арнайы оңалту шаралары ұйымдастырылған.

"Ал 9 тамызда кесар тілігін жасау арқылы қыздың інісі дүниеге келді. Оның салмағы – 2 900 грамм. Қазіргі кезде анасы екі баласымен перзентханадан шығуға дайындалып жатыр", - дейді бас неонатолог Нұргүл Жүнісова.

Егіздердің анасы шаршаңқы көрінсе де, бақытты екенін жасырмады. Оның айтуынша, енді үйдегі үлкен қыздың екі бауыры болады.

"Менің тағы бір 7 жасар қызым бар. Екінші қыздың атын Лея деп қоямыз. Ал ұлымыз – Максим. Мен анатомиялық ерекшелігім туралы білгенмін, бірақ оған ешқашан мән бермеппін", - деді Лилия Коновалова журналистерге берген сұхбатында.

Басылымның хабарлауынша, соңғы 60 жылдың ішінде әлем бойынша мұндай жағдайлардың саны 70-тен асты, ал Қазақстанда алғаш рет болып отыр.

Тағы оқыңыз: Сұмдық жайт жазылған хат қалдырды: анасы сәбиді есік алдына тастап кетті

Перзентхана дәрігерлері келіншектін анатомиялық ерекшелігі - екі жатыры барын білгенін айтады. Сондықтан екінші балаға толғақтың қашан келетінін күтті.

"Біз келіншектің анатомиялық ерекшелігі туралы бірден білдік. Сол себепті екінші баланы да осы жерде босандырып алуға шешім қабылдаған болатынбыз. Білуімше, бұл - алғашқы оқиға. Мен Алматыдағы әріптестерімнен кеңес алдым, бұл елімізде тіркелген алғашқы жағдай сияқты", - деді перзентхана директорының орынбасары Есет Ералин.

Жаңалықтар
0