10:21 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Бақытжан Сағынтаев

Жеті жасар алматылық Сағынтаевқа ерекше ұсынысын айтып, жұртты таңғалдырды

© Sputnik / Владислав Воднев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
8877 0 0

Бала Сағынтаевтан АЭС туралы сұрап, жылу электр орталығын газға көшіруді ұсынды

АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 17 тамыз күні Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесті. Жеті жасар Дамир Сыздықов та анасымен бірге кездесуге келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Бала Алматыдағы атом электр станциясының құрылысы қай мерзімге жоспарланып отырғанын сұрады. Сондай-ақ, ол қаладағы жылу электр орталығын газға көшіру туралы ұсыныс жасады. Оқушының сауалын естіген жұрт шапалақ соқты.  

Сағынтаев АЭС туралы сауалға жауап берген жоқ, бірақ жылу электр орталығының жағдайы жайлы айтты.

"Қала экологиясының жиырма проценті ЖЭО-ға байланысты. Бұл оңай жұмыс емес, қазандықтар жер астында жатыр. Қазір мамандар газ турбиналарын жер астына қоюға бола ма, болмай ма осыны анықтап жатыр. Ол арзан болмайды. Жаңа жылу электр орталығын салуға тура келуі де мүмкін ", -  деді әкім.

Дамирдің анасы Марина Михтаева өзінің  Facebook-тегі парақшасында АЭС туралы жаңалықты баласы телеарналардың бірінен естігенін айтады.  


Тақырып бойынша

Тұяқбаев Сағынтаевтың орынбасары болды
Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алдында қандай міндеттер тұр?
Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз
Кілт сөздер:
жұрт, ұсыныс, Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып