20:02 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Санитарлық қызмет

Ақмола облысындағы ауылда карантин жарияланды

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
807 0 0

Бұл шешімді ауыл әкімі дәрігерлер, полиция және ветеринарлық қызметпен ақылдаса отыра қабылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Ақмола облысының Ольгинка ауылында Сібір жарасына байланысты карантин жарияланды. Ветеринарлық қызмет осы дертке шалдыққан малдардың денесін жойып жатыр, деп хабарлайды "Көкшетау Азия" ақпарат агенттігі.

"Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округіндегі Ольгинка ауылында карантин бекітіледі. Ольгинка ауылындағы тұрғындар малының сібір жарасына шалдығуына қатысты болжам зертханада тексерілді", - деп жазылған ауыл әкімінің шешімінде.

Ветеринарлық зертхананың сараптама қорытындысы 16 тамыз күні белгілі болды. Сүт және ет сынды қауіпті болуы мүмкін өнімді ауылдан шығаруды немесе ауылға әкелуді тоқтату шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, әр үйдегі төрт түлік тексеріледі. Полиция бекеттері орнатылған. Осы дертке шалдықты деген қауіпке ілінген малдың денесі жойылып жатыр.

Сібір жарасы - мал және жабайы жануардың бациллус антрацис микробы коздыратын аса қауіпті жұқпалы ауру.

Тақырып бойынша

Шығыс Қазақстанда карантин жарияланды: жергілікті халық дүрлігіп жатыр
Солтүстік Қазақстанда мектептер жабылып жатыр
Семейдегі балабақшада менингит дерті тарады
Карантин жариялау үшін қанша адам менингитпен ауыруы керек? Біртановтың жауабы
Алматы облысында 3 оқушы жұқпалы менингитпен ауруханаға түсті
Кілт сөздер:
карантин, ауыл, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырып