00:54 23 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
372 0 0

Қостанай қаласының 140 жылдығына арналған мерекелік концертке ресейлік әнші Митя Фомин қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Қостанай әкімі Қайрат Ахметов қаланың 140 жылдығын тойлау кезінде ресейлік әртіс Митя Фоминмен бірге ән айтты.

Фомин "Быть рядом", "Огни большого города", "Танцы на работе" сияқты хит әндерімен қостанайлықтардың көңілін көтерген болатын.

Мерекелік кеште әкім Қайрат Ахметов тұрғындармен бірге болып, "Все будет хорошо" әнін орындаған кезде Митя Фомин қала басшысына жақындады. Әкім сасқалақтап қалмай, әншімен бірге қайырманы орындады, деп жазады "Наш Костанай" басылымы.

Тағы оқыңыз: Бүркіт пен Наташа Королеваның жұртты шулатқан бейнебаяны желіде жарияланды - видео

Мәскеулік қонақ концерт алдында сырқаттанып, Қостанай облыстық ауруханасына түскен, деп хабарлайды "Наша газета".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lena Yumatova (@lena_yumatova)

"Мені аяққа тұрғызды, қорқатын дәнеңе жоқ, бірақ бүгін жұмыс істеуім сәл қиындап тұр. Сіздердің қолдауларыңызға үміт артып тұрмын! Сол себепті әнді жалғастыруды өтінсем, бірге айтатын болайық", - деді Фомин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @ali_kremer

Қала тұрғындарын құттықтау үшін сахнаға Astana Opera әншісі Сүндет Байғожин, әнші Қайрат Байекенов және "Формат" тобы шықты. Кештің шарықтау шегі мерекелік отшашу болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Наша Газета|Новости|Костанай (@ng.kz_)

Кілт сөздер:
видео, әнші, ресейлік, Қостанай
Загрузка...

Басты тақырып