08:47 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
қыз бала, архивтегі фото

Ақтөбеде өзінің кішкентай қызын зорлаған тұрғынға іздеу жарияланды - фото

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3419 0 0

Сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Ақтөбе облысының полициясы аса ауыр қылмыс жасаған 36 жастағы күдіктіге халықаралық іздеу жариялады.

"2019 жылдың 27 ақпанында Ахметов Ермек Серікбайұлы Ақтөбе қаласы Мир көшесіндегі пәтерде өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызын зорлаған. Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін ол оқиға орнынан қашып кетті", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлімі, яғни 14 жасқа дейінгі баланы зорлау бойынша іс қозғалды. Мұндай қылмыс үшін 17-ден 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.

Ахметов Ермек Серикбаевич
© Photo : ДП Актобе
Іздеу жарияланған Ермек Ахметов

Күдіктінің бойы - 170-175 см, мығым денелі, беті сопақша, шашы қара, маңдайы биік, қасы қалың, көзі ашық түсті, мұрны үлкен, ерні жұқа, иегі шығыңқы, сақал немесе мұрт қоюы мүмкін.

Тақырып бойынша

Есірткі шегіп алған әйел өз қызын қуыршақпен шатастырып өлтірген
Қарағанды облысының тұрғыны өз әйелі мен қызын басып кетті
Әйелін талдырып, өгей қызын зорлады: ауыр қылмыс жасаған ақтөбелік ұсталды
"Әйелімді зорлады" Отбасылы еркек қаскүнемнің жыныс мүшесін кесіп тастады
Шу ауданында педофил 3 жасар қызды зорлады: азғынды баланың әкесі қолға түсірді
Кілт сөздер:
фото, Ақтөбе
Загрузка...

Басты тақырып