20:30 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Сібір жарасы, карантин

Ақмола облысында сібір жарасының қайдан шыққаны белгілі болды

© Sputnik / Александр Кряжев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
113 0 0

Карантин біткенше ауылдан ешкім ешқайда шықпайды. Тауар да жіберілмейді

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Ольгинка ауылында сібір жарасы топырақтан шыққан. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сібір жарасы малдан емес, топырақтан жұққан. Бұрын 1948 жылы осы жерлерде сібір жарасы бойынша эпидемия болған, соның қалдықтары болуы мүмкін", - деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Омаровтың айтуынша, биыл сәуір айында Ольгинка ауылында сібір жарасына қарсы вакцинация толығымен жүргізілген. Екпе жұмыстарына мал иелері де қатысып, вакцинация өткізілгені туралы құжаттарға қол қойған.

"Мал 13-14 тамыз күндері сойылған. Бәрін тексергеннен кейін 17 тамыз ғана карантин жарияладық. Мал сойылған кезде еттің бір бөлігін сол жердегі адамдар бөліп алған. Ал қалғаны сол күні өртелді", - деді министр.

Ол қазір бес адам ауруханада ем қабылдап жатқанын айтты. Бәрінің де жағдайы жақсы. Омаров карантин аяқталғанға дейін Ольгинка ауылынан бірде бір тауар сыртқа шығарылмайтынын қадап айтты.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер қауіпті дертке байланысты шұғыл брифинг өткізді

"Карантин біткенше ауылдан ешкім ешқайда шықпайды. Тауар да жіберілмейді. Біз он бес күн ішінде тиісті жұмыстарды жүргіземіз. Тек содан кейін ғана ауыл ашылады", - деді министр.

Омаров Ольгинкадағы ауыл шаруашылығы өнімдері елордаға жеткізілмейтінін айтты.

"Нұр-Сұлтанның тұрғындарына қауіптенуге еш себеп жоқ", - деп сендірді ол.

Айта кетсек, 16 тамызда Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылынан алынған сынамалардан Сібір жарасы анықталды. 17 тамыздан бастап ауылда карантин жарияланды.

Ережеге сәйкес, Сібір жарасы бойынша карантин инфекция жойылып, қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін 15 күнтізбелік күн өткен соң бір-ақ алынады. Яғни, шамамен қыркүйектің бірінші онкүндігінде карантин алынып, мал мен өнімді тасымалдауға рұқсат беріледі.

Кілт сөздер:
карантин, Ақмола облысы
Загрузка...

Басты тақырып