18:45 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Жалын, архивтегі сурет

Атырауда театр отқа оранды – видео

Sputnik
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
78 0 0

Ғимаратты шарпыған жалынды 40 өрт сөндіруші ауыздықтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Атыраудағы Махамбет Өтемісов атындағы қазақ драма театрында өрт болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабар 22 тамыз күні сағат 14:30-да түскен.

"Екінші қабаттағы электр қалқанда өрт шығып, кейін ғимараттың шатырына тараған. Полиция қызметкерлері театр аумағын қоршады", – деп хабарлады ведомство.

Өрт аумағы шамамен 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды.

Кілт сөздер:
видео, от, театр, Атырау
Загрузка...

Басты тақырып