06:24 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Найзағай

"Ауа райы күрт өзгереді": синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© AFP 2019 / JANEK SKARZYNSKI
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
4059 0 0

Синоптиктер алдағы демалыс күндері мен дүйсенбіге ауа райы болжамын жасады

НҰР-СҰЛТАН, 23  тамыз – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 24-26 тамызға болжам жасады.

"Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфералық фронттармен бірге циклон келіп, соның салдарынан республиканың батыс облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, аптап ыстықтың беті қайтады", - делінген болжамда.

Синоптиктердің айтуынша, батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы плюс 35-40°С-тан кейін, 20-30°С-қа дейін төмендейді.

Сондай-ақ солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады.

Тағы оқыңыз: Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді?

"Қазақстанның оңтүстік-шығысында кей жерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Демалыс күндері елдің қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болып, орталық пен шығыста күндіз ауа температурасының плюс 25-35 градусқа дейін жоғарылайды", - деп хабарлайды синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы

24 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде ауа температурасы +15, күндіз +25 градус болады. Алматыда түнде 19 градус нөлден жоғары, ал күндіз 24 градус жылы. Шымкентте түнде плюс 22, күндіз 32 градус ыстық.

25 тамызда Нұр-Сұлтанда түнде сынап бағанасы 17 градусты көрсетеді, ал күндіз 28 градус нөлден жоғары болады. Алматыда түнде плюс 19, күндіз 27 градус жылы. Шымкентте түнде 22 градус жылы болса, күндіз 34 градус аптап ыстық.

26 тамызда елордада түнде 18 градус, күндіз 29 градус жылы. Алматыда түнде 19 градус нөлден жоғары, күндіз 31 градус ыстық. Шымкентте түнде 24 градус, күндіз 36 градус аптап ыстық.

Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, аптап ыстық
Загрузка...

Басты тақырып