Өңірлер

Синоптиктер 25 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты

© Photo : СС0 / Tobias HämmerГроза
Гроза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет синоптиктері жексенбіге ауа райы болжамын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыс облыстарда жексенбі, 25 тамыз күні жаңбыр жауып, күн күркірейді, аптап ыстықтың беті қайтады, деп хабарлады Қазгидромет.

Солтүстік және солтүстік-батыста да жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұруы ықтимал. Қазақстанның оңтүстік-шығысында өткінші жауын жауып, күн күркірейді.

Республиканың қалған бөлігінде жексенбіде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, орталық пен шығыста ауа температурасы жоғарылайды.

Өңірлердегі ауа райы

Күндіз Атырау облысында кей жерде күн күркіреп, дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с болып, шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысында кей жерде күн күркіреп, тұман түседі.

Павлодар облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында күн күркірейді.

Қарағанды облысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерінде және Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының жекелеген аудандарында  төтенше өрт қаупі бар.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз 34-36 градус аптап ыстық, түнде сынап бағанасы 17-19 градусты көрсетеді.

Алматыда жексенбіде күн ашық болады. Күндіщ 28-30 градус ыстық болса, түнде – плюс 14-16 градус.

Нұр-Сұлтанда да күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 27-29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13-15 градус жылы болмақ.

Жаңалықтар
0