Өңірлер

Алматыдағы полиция департаменті басшысының ұлы қайтыс болды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСвеча и гвоздики в руках, архивное фото
Свеча и гвоздики в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
29 жастағы Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімі туралы ақпаратты қалалық полицияда растады

АЛМАТЫ, 28 тамыз — Sputnik. Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы – Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болды. Ақпаратты полицияның қалалық департаментінде ресми түрде растады. Оқиғаның мән-жайы айтылған жоқ. 

Нұрсұлтан Күдебаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат 28 тамыз күні таңертең шықты.

"Иә, өкінішке қарай, бұл ақпаратты растаймыз. Басқа еш нәрсе айта алмаймыз", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметінде.  

Нұрсұлтан Күдебаев 1990 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде оқыды. Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

Артында үш баласы қалды.

Жаңалықтар
0