Өңірлер

Қостанайдағы басты көшелердің біріне Назарбаевтың есімі берілді

© ИА "Новости-Казахстан"Костанай. Архивное фото - рекадр
Костанай. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жергілікті мәслихат депутаттары бұл шешімді бірауыздан қолдады

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап, шаһардағы басты көшелердің біріне Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы атауын берді, деп хабарлайды "Костанайские новости" газетінің ресми сайты.

Өңірлік басылымның мәліметіне сәйкес, қаладағы көше атауына Елбасының есімін беру ұсыны қарапайым азаматтардан түсіпті.

"Қалалар мен аудандардағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру бастамасы көтерілген. Эстафетаны біздің өңір де қабылдады. Облыстың ірі кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, қалалық автомобиль көлігі колледжінің ұжымы, жеке азаматтардан ұсыныс түсті. Қоғамдық тыңдауға 250-ден астам адам қатысты", - дейді облыстық тілдерді басқару басқармасының директоры Гүлжан Мендекинова.

Юрий Гагарин көшесінің атауын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы және Гвардейская көшесіне Юрий Гагарин есімін беру жайында ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның отырысында қаралыпты. Нәтижесінде тұрғындардың ұсынысы қолдау тапқан.

Облыстық мәслихат депутаттары бұл өзгерісті бірауыздан қолдап дауыс берді.

Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев Астана атауын өзгерту туралы не айтты?

"Көше атауы жазылған тақтаны айырбастауға бюджет қаражаты жұмсалмайды. Бұл жұмыс демеушілердің қаржысы есебінен жүргізіледі", - деді Гүлжан Мендекинова.

Айта кетейік, 2019 жылдың 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Мемлекет басшысы "облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек" деп бастама көтерді. Сол күні парламент Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылданды. Кейін қала атауы өзгерді.

Ал биыл 20 наурызда Шымкенттегі Астана даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді. Бұл шешімді Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары қолдады.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың құрметіне аталған нысандар

Жаңалықтар
0