Өңірлер

Ресей кемелері Ақтау теңіз портына достық сапармен келді

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанМорское судно "Махачкала"
Морское судно Махачкала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сапардың басты мақсаты – екі елдің флоттары арасындағы әскери ынтымақтасты нығайту

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Ресей Федерациясының Әскери-теңіз флотының кіші артиллериялық "Махачкала" кемесі мен кіші гидрографиялық "Анатолий Гужвин" кемесі Ақтау қаласы портына достық сапармен келді, деп хабарлайды Қазақстанның қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы Каспий флотилиясына кемелер жасағының келуі екінші мәрте өткізіліп отырғандығын айтады. Кездесудің басты мақсаты – екі елдің флоттары арасындағы әскери ынтымақтасты нығайту және дамыту.

© Photo : министерство обороны Республики Казахстан"Махачкала" әскери кемесі
Ресей кемелері Ақтау теңіз портына достық сапармен келді - Sputnik Қазақстан
"Махачкала" әскери кемесі

Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы мен Маңғыстау облысы басшылығы Ресей Әскери-теңіз флоты өкілдерін қарсы алды. Сапар барысында ресейлік әскери кемелер экипажы үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылып, екі елдің әскери қызметшілері физикалық дайындықтарын көрсетті. Сонымен қатар мәдени бағдарлама аясында өлкетану мұражайында болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстан мен Ресей Алматыда Ми тікұшағын құрастырады

Қазіргі таңда Қазақстан Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флоты арасындағы ынтымақтастық кадрларды дайындау саласында жүргізіліп жатыр.  Сондай-ақ қазақстандық офицерлер Санк-Петербург қаласының Әскери-теңіз академиясында кеме командирлері, жауынгерлік бөлім командирлері, флагмандық мамандары бойынша барлық әскери-теңіз бағыттарында курстық оқуды игеріп, қазақстандық курсанттар әскери теңіз мамандықтары бойынша Ресейдің аталмыш жоғарғы оқу орнында білім алып жатыр.

Ресейлік және қазақстандық Каспий су айдынында жиі түрде бірлескен оқу-жаттығулары өтеді.

Тағы оқыңыз: Ресей мен Қазақстан арасында жүк тасымалдау көлемі артты

Жаңалықтар
0