19:43 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Найзағай

Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Олег Макаров
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1946 0 0

Еліміздің солтүстік және батыс облыстарында ертең қатты жел тұрып, найзағай ойнайды, үсік жүреді деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

21 қыркүйекте Ақмола облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аймағында 1-3 градус үсік болады деп болжанып отыр. Күндіз найзағай жарқылдайды, жел тұрады. Петропавлда найзағай ойнайды.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз жел соғады.

Тағы оқыңыз: Қар жауып, күн суытады – синоптиктер қыркүйек айына болжам жасады

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде –  найзағай, қатты жел. Ақтау қаласында да найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін барады. Атырау қаласында да найзағай ойнап, жел соғады деп болжануда.

Кілт сөздер:
жел, найзағай, үсік, ауа райы, Қазгидромет
Загрузка...

Басты тақырып