19:48 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Құбылмалы ауа райы, архивтегі сурет

Қар және бұршақ: Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2869 0 0

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғып, бұршақ жауады, үсік жүреді, найзағай ойнайды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың басым аумағында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

23 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, 30 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр, 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында түнде – найзағай және дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында 23-24 қыркүйекте 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Тағы оқыңыз: Қар жауып, күн суытады – синоптиктер қыркүйек айына болжам жасады

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Өскемен қаласында күндіз найзағай ойнайды, жел тұрады. Семейде де – найзағай және жел.

Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл көтеріледі. Кей аймақтарда шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Түркістан қаласында да жел соғады.

Тағы оқыңыз: Маман қыркүйек айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Шымкентте де қатты жел тұрады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл және жел болады деп болжануда.

Загрузка...

Басты тақырып