08:16 18 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Шөптің үстіндегі қар

-12°С градус болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Владимир Сергеев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3045 0 0

3-5 қазанға арналған ауа райы болжамы жасалды. Синоптиктер республиканың кейбір өңірлерінде ауа температурасының төмендейтінін хабарлайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Суық антициклонның Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысуына байланыста елімізде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Тек батыс өңірлерде жаңбыр жаууы мүмкін. Кей өңірде түнде үсік жүруі мүмкін.

Тағы оқыңыз: 28°C ыстық: синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде түнгі ауа температурасы – -1-7°С.  Кей жерлерде сынап бағасына -12°С-қа дейін төмендейді.

Өңірлердегі ауа райы

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с-ке дейін жел соғады.

Атырау, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қызылорда облысында түнгі уақытта 1-3°С үсік жүруі мүмкін.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

3 қазанда Нұр-Сұлтанда түнде +2 градус нөлден жоғары, ал күндіз ауа температурасы +13 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде +10, күндіз +17 градус болады. Шымкентте түнде сынап бағанасы +16 градусты көрсетсе, күндіз +26 градусқа дейін ысиды.

4 қазанда елордада түнде +3, күндіз +15 градус жылы болады. Алматыда түнде +12 градус, күндіз +18 градус жылы болмақ. Шымкентте түнде 14 градус, күндіз 25 градус жылы.

5 қазанда астанада түнде 3, күндіз 17 градус нөлден жоғары. Алматыда түнде +11, күндіз +18 градус болады. Шымкентте түнде 13 градус жылы, күндіз сынап бағанасы +22 градусты көрсетеді.

 

Тақырып бойынша

Семейде төпелеп жауған ірі бұршақ тұрғындарды шошытты – видео
Нұр-Сұлтанға алғашқы қар түсті
Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті - видео
Ақмола облысында қатты жел ағаштарды жұлып, үйлердің шатырын ұшырды
Кілт сөздер:
өңірлер, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып